02 мамырдан бастап KASE-де Texas Instruments Inc US8825081040 (TXN_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

30.04.24 17:20
/KASE, 30.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 02 мамырынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 08 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Texas Instruments Inc. (АҚШ) US8825081040 ("KASE Global" секторы, TXN_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 08 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 13 мамырынан бастап қайта басталады. [2024-04-30]