02 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында ALPHABET INC. US02079K1079 (GOOG_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық ашылады.

30.04.24 16:31
/KASE, 30.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 02 мамырынан бастап ALPHABET INC. (АҚШ) US02079K1079 ("KASE Global" секторы, GOOG_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген акциялардың баға белгілеу дәлдігі АҚШ долларымен көрсетілген акция бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген. [2024-04-30]