Биржалық симулятор: 01-12 сәуір аралығында сауда-саттық көлемі 3,8 млрд теңгеге жетті

15.04.24 12:12
/KASE, 15.04.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылдың 01 сәуірі мен 31 мамыры аралығында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттығын өткізеді. Екі аптаның қорытындысы бойынша (01-12 сәуір аралығында) сауда-саттық көлемі 3 769,7 млн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңде мәмілелердің орташа тәуліктік көлемі 376,9 млн теңгеден асты. Бір қатысушы жасаған мәмілелердің ең көп саны мен ең көп көлемі тиісінше 978 және 657,9 млн теңгені құрады. Төменде 2024 жылғы 01-12 сәуір аралығында құралдар бөлінісінде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген: ------------------------------------- Мәмілелер Көлемі, Сауда-саттық коды саны млн теңге ----------------- --------- --------- ASBN 1 444 1 022,8 KSPI 786 626,9 FHJIds 418 605,8 HSBK 417 322,3 KZTO 314 218,9 BAST 228 210,3 KCEL 287 201,3 CCBN 215 187,5 KZTK 231 155,3 RAHT 125 68,8 KEGC 230 66,7 KZAP 185 64,8 KMGD 229 9,7 IE_FXBF 95 6,2 BSUL 67 2,3 ----------------- --------- --------- Барлығы 5 271 3 769,7 ------------------------------------- Қазіргі уақытта "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 6 653 қатысушы тіркелді. Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. "Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/ru/events/show/2024/KASE_simulator_2024_ru/ [2024-04-15]