KASE биржалық нарықтың 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысын қорытындылады

11.04.24 12:53
/KASE, 11.04.24/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ KASE) 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімдейді. - 2024 жылдың үш айында KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 92,9 трлн теңгені құрады және 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,9%-ға немесе 21,4 трлн теңгеге өсті. - KASE Индексінің мәні 21,3%-ға 5 077,84 тармаққа дейін өсті. - Акциялар нарығын капиталдандыру 15,3%-ға 30,8 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 0,3%-ға 13,5 трлн теңгеге дейін төмендеді. - 2024 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 247 эмитенттің 676 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды. - 2024 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде 704 мың дербес шот болды. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жеке тұлғалар 11 мың жаңа дербес шотты тіркеді. Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және валюталық своп операцияларының, туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ іс-шаралар мен негізгі жобаларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE баспасөз мәлімдемесінде ұсынылған: - https://kase.kz/files/press/kz/11.04.23_itogi_1Q_2024_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/11.04.23_itogi_1Q_2024_rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/en/11.04.23_itogi_1Q_2024_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2024-04-11]