/ҚАЙТАЛАУ/ KASE өз акционерлеріне Биржаның Директорлар кеңесінің құрамына кандидатураларды ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды

03.04.24 14:58
/KASE, 03.04.24, 28.02.24, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) өз акционерлерін Биржаның Директорлар кеңесінің құрамына кандидатураларды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді. 2024 жылдың мамырында KASE-тің 2023 жылдағы қызметінің қорытындыларына арналған Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (АЖЖЖ) өткізіледі. АЖЖЖ күн тәртібін Директорлар кеңесі мәселелердің толық тізбесінен қалыптастырады, олардың бірі KASE Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы мәселе болады. Осыған байланысты KASE акционерлерден 2024 жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей Биржаның атына KASE Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстары бар хаттар жіберуді сұрайды. "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54 бабының 5 тармағына сәйкес KASE Директорлар кеңесінің құрамына ұсынылатын кандидаттардың басқару органының басшысы және мүшелері лауазымына орналасуға уәкілетті органмен келісімі болуы тиіс. Бұл жағдайда, уәкілетті органмен аталған лауазымға сайланғанға дейін де, одан кейін де келісілуі мүмкін болатын, тәуелсіз директорлар болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидаттарды қоспағанда. "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңның 44 бабының 2 тармағына сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі немесе тәуелсіз директорлар болып табылатын басқару органының мүшесі лауазымына кандидатты ұсыну туралы хатта мынадай ақпаратты көрсетуді сұраймыз "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңның 44 бабының 2 тармағына сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі немесе тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының мүшесі лауазымына кандидатты ұсыну туралы хатта төменде берілген сілтеме бойынша қолжетімді нысан бойынша ақпаратты көрсету қажет. Директорлар кеңесі туралы қағидаға сәйкес кандидатты ұсыну туралы хатқа төменде берілген сілтеме бойынша қолжетімді нысан бойынша KASE Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына сайлауға кандидаттың келісімін қоса беру қажет. Директорлар кеңесі мүшесінің лауазымына кандидаттар "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54 бабында белгіленген басшы қызметкерлерге қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс, оның ішінде тәуелсіз директор лауазымына кандидаттар Қазақстан Республикасы "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 1 бабы 20) тармақшасының талаптарына жауап беруі тиіс. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде KASE акционерлері ұсынылған кандидатуралардың кандидаттарға қойылатын талаптарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Директорлар кеңесі туралы қағидада анықталған біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды. Бұдан басқа, KASE Директорлар кеңесінің құрамына кандидатқа кепілдік беру, міндеттеме алу және: (a) осы тұлғаның да, оның үлестес тұлғаларының да санкцияланған тұлғалар болып табылмауын және Америка Құрама Штаттарының, Еуропалық Одақтың және (немесе) Ұлыбританияның санкциялық тізімдеріне енгізілмеуін қамтамасыз ету қажет. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз 8 (727) 237 5343. Директорлар кеңесі туралы қағида https://kase.kz/files/for_shareholders/pol_sd.pdf сілтемесі бойынша қол жетімді. Акционерлерге хабарлама орналастырылды: - https://kase.kz/files/for_shareholders/24_02_22_notice_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/for_shareholders/24_02_22_notice.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/for_shareholders/24_02_22_notice_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2024-04-03]