KASE "БИРЖАЛЫҚ СИМУЛЯТОР" БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУ САУДА-САТТЫҚТАРЫН ІСКЕ ҚОСАДЫ

03.04.24 14:43
/KASE, 03.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 08 сәуірінде "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттықтарының ресми ашылу рәсімі өтетінін хабарлайды. Оқу сауда-саттықтары 2024 жылдың 31 мамырына дейін өткізіледі. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. Оқу сауда- саттығына Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері және барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Жоба KASE Mobile мобильді қосымшасы – оқу сауда-саттық жүйесінде сауда-саттық форматында іске асырылды. Жобаға қатысушылар 60-тан астам құралға инвестиция сала алады және жергілікті компаниялардың ғана емес, сонымен қатар халықаралық танымал брендтердің де акцияларын сатудың практикалық дағдыларын ала алады. Тіркелу үшін электрондық нысанды толтыру қажет – https://kase.kz/ru/exchange-simulator/registration/ KASE Mobile арқылы қосылу жөніндегі нұсқаулық мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/files/presentations/ru/KASE_Mobile_2021.pdf Қосымша ақпарат алу үшін bs@kase.kz немесе customers@kase.kz электрондық пошта мекен-жайларына хабарласыңыз. "Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/ru/events/show/2024/KASE_simulator_2024_ru/ [2024-04-03]