14 мамырдан бастап KASE-де АҚШ Қаржы министрлігінің US912810FJ26 (US_04_2908) және US91282CCT62 (US_09_2408) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылады

14.05.24 10:18
/KASE, 14.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 14 мамырынан бастап KASE Клиринг орталығы олар бойынша орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2024 жылдың 14 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен сауда-саттықтың уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды: - US912810FJ26 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_04_2908); - US91282CCT62 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_09_2408). Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 14 тамызында көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты уақытша тоқтатылды. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттық 2024 жылдың 16 тамызынан қайта басталады. [2024-05-14]