"5A OIL (5А ОИЛ)" ЖШС-нің KZX000000690 (AOILe1) халықаралық облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

06.05.24 09:56
/KASE, 06.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 мамырынан бастап "5A OIL (5А ОИЛ)" ЖШС-нің (Астана) KZX000000690 халықаралық облигациялары (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, AOILe1; $15,0 млн; 06.05.21 – 06.05.24; тоқсандық купон, жылдық 8,00%, 30/360) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталған облигациялар KASE ресми тізіміне 2021 жылдың 01 шілдесінен бастап баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 09 қарашасынан бастап ашылды. [2024-05-06]