/KASE, 30.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 26 сәуірінде
Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелері МЕУКАМ-180 алтыншы шығарылымын (KZKD00000535, MUM180_0006)
орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың
30 сәуірінде облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды,
қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 1 704 901 000,0 теңгені құрады.
KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 26 сәуір күні Қазақстан қор биржасында
2,0 млн МЕУКАМ-180 алтыншы шығарылымын (KZKD00000535, MUM180_0006)
өтеуге кірістілігі жылдық 12,00 %-бен орналастырды" тақырыбындағы
жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1520324/
[2024-04-30]