/KASE, 30.04.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелері МЕУКАМ-108 12-ші шығарылымының (KZKD00000915,
MUM108_0012) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған
қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 94,2955 % (кірістілік –
жылдық 12,20 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны
бойынша жалпы сомасы 6 935 506 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған
таза баға номиналдың 94,6895 % құрады (кірістілік – жылдық 11,97 %).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-108 12-ші шығарылымын
(KZKD00000915, MUM108_0012) орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді" тақырыбындағы
жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1520459/
[2024-04-30]