29 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc. US7170811035 (PFE_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

29.04.24 09:41
/KASE, 29.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 сәуірiнен бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 10 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Pfizer Inc. (АҚШ) US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 14 мамырынан бастап қайта басталады. [2024-04-29]