26 сәуір күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 сәуірде болатын МЕУКАМ-180 14-ші шығарылымын (KZKD00000956, MUM180_0014) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда- саттық өтті

26.04.24 15:30
/KASE, 26.04.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 30 сәуірінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-180 14-ші шығарылымының (KZKD00000956, MUM180_0014) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 80,4654 % (кірістілік – жылдық 12,15 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 10 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 сәуірде болатын МЕУКАМ-180 14-ші шығарылымын (KZKD00000956, MUM180_0014) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1520180/ [2024-04-26]