26 сәуір күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 сәуірде болатын МЕУКАМ-108 13-ші шығарылымын (KZKD00001087, MUM108_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда- саттық өтті

26.04.24 15:26
/KASE, 26.04.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 30 сәуірінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-108 13-ші шығарылымының (KZKD00001087, MUM108_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 96,0119 % (кірістілік – жылдық 12,11 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 21 309 501 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 96,0135 % құрады (кірістілік – жылдық 12,11%). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 11 сәуірде болатын МЕУКАМ-108 13-ші шығарылымын (KZKD00001087, MUM108_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1520174/ [2024-04-26]