АҚ "КазТрансГаз Аймақ" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

24.04.24 11:54
/KASE, 24.04.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "КазТрансГаз Аймақ" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 69 313 591 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" АҚ болып табылады. [2024-04-24]