/KASE, 16.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелері МЕУКАМ-84 19-шы шығарылымын (KZKD00001244,
MUM084_0019) орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда-
саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 43 462 680 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 99,0095 % (кірістілік – жылдық 12,20 %) деңгейінде
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға
номиналдың 99,4974 % құрады (кірістілік – жылдық 12,09%).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 25 сәуірде болатын
МЕУКАМ-84 19-шы шығарылымын (KZKD00001244, MUM084_0019)
орналастыру бойынша есептеулермен арнайы мамандандырылған
қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме
бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/news/show/1519761/
[2024-04-23]