/KASE, 22.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа)
Басқармасының 2024 жылдың 17 сәуіріндегі шешімімен 2024 жылдың
01 маусымынан бастап қолданысқа енгізілетін "Маркет-мейкерлер
қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына
№ 21 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.
Түзетулермен репо операциялары нарығындағы маркет-мейкерлер үшін
келесі шарттар айқындалды, олардың заттары ретінде қатысудың клирингтік
сертификаттары (КҚК) бір күн мерзімге қызмет етеді:
- баға сатуға немесе сатып алуға арналған баға белгілеуді қолдаудың ең
аз көлемі 1,0 млрд теңгені құрайды;
- баға спрэдтің максималды мөлшері – сатып алуға және сатуға баға
белгілеу кезінде кірістіліктің 1,0 %. Бұл ретте, маркет-мейкерге міндетті
баға белгілеулерді бір бағытта жариялауға және қолдауға рұқсат
етіледі. Бұл жағдайда спрэд TONIA индикаторының соңғы мәнінен 1 п.т.
аспауы керек;
- жиынтық күнделікті минималды көлем – қосымша міндеттемелерді
қолдамау мүмкіндігімен міндетті баға белгілеудің минималды көлемінің
5 еселенген мөлшері.
Репо операциялары бойынша маркет-мейкер бір күн мерзімге 75 %
мөлшерінде комиссиялық және клирингілік алымдарды төлеу бойынша
жеңілдіктер беретін болады. Маркет-мейкер КС-пен репо операцияларының
көлеміне бір күн мерзімге 300,0 млрд теңге мөлшерінде жеткен кезде
аталған алымдарды төлеу бойынша 100 % мөлшерінде жеңілдік беріледі.
Бұл ретте, маркет-мейкер сауда-саттық сессиясы барысында өз міндеттерін
бұзған жағдайда, KASE-тің осы мүшесі осы ссессиясы барысында жасалған
мәмілелер бойынша Биржаның комиссиялық алымдарын төлеу бойынша
жеңілдікке құқығын жоғалтады.
Маркет-мейкер өз міндеттерін бұзған жағдайда осы KASE мүшесіне
мынадай санкциялар қолданылады:
- бір күнтізбелік ай ішінде міндеттерін бірінші рет орындамағаны үшін
жарна KASE мүшесі осы сауда-саттық сессиясы барысында жасалған
мәмілелер бойынша комиссиялық алымдарды төлеу бойынша
жеңілдікке құқығын жоғалтады;
- маркет-мейкердің міндеттерін орындамаған кейінгі жағдай үшін KASE
бір күнтізбелік ай ішінде KASE мүшесін маркет-мейкер мәртебесінен
айыруға құқылы.
Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме
бойынша жарияланады
https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-саттық" –
"Маркет-мейкерлер").
[2024-04-22]