"AltynEx Company" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

18.04.24 10:16
/KASE, 18.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AltynEx Company" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 123 333 дана, артықшылықты акциялар саны – 24 666 дана; - компанияның барлық жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға Э.Р.Сарсенов болып табылады. [2024-04-18]