KASE Листингілік комиссиясы KZ2P00011091 (ASPKpp2) "ASIA PARK" ("АЗИЯ ПАРК") ЖШС облигацияларын KASE ресми тізіміне "жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

17.04.24 14:20
/KASE, 17.04.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 17 сәуірінде "ASIA PARK" ЖШС ("АЗИЯ ПАРК") (Астана) KZ2P00011091 (500 000 теңге, 950,0 млн теңге, 10 жыл; тоқсандық купон, жылдық 25,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға ASPKpp2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-04-17]