/KASE, 16.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелері МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымын (KZKD00001111,
MUM168_0005) орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда-
саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 88,7913 % (кірістілік –
жылдық 12,15 %) мөлшерінде қалыптасқан кесімдеу бағасымен номиналды
құны бойынша жалпы сомасы 30 105 633 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды.
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 18 сәуірде болатын
МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымын (KZKD00001111, MUM168_0005)
орналастыру бойынша есептеулермен арнайы мамандандырылған
қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме
бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/news/show/1519170/
[2024-04-16]