23 мамырда "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

16.04.24 12:16
/KASE, 16.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) 2024 жылдың 23 мамырында оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы сағат 15:00-де өткізілетіні туралы KASE-ге хабарлады. Жиналыстың күн тәртібі: - компанияның 2023 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есеп берушілігін және шоғырландырылған жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту туралы; - компанияның 2023 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы; - компанияның директорлар кеңесінің 2023 жылдағы атқарылған жұмыс туралы жылдық есебін бекіту туралы; - компания акционерлерінің 2023 жылы компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы; - компания жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; Жиналысты өткізу туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_special_shareholders_meeting_info_230 524_3051.pdf [2024-04-16]