02 сәуірден бастап KASE-де Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2774403690 (EBRDe23) халықаралық облигацияларымен сауда- саттық ашылады

01.04.24 16:08
/KASE, 01.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 02 сәуірінен бастап Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің XS2774403690 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe23; 9,4 млрд теңге; 28.03.24-28.03.29; өзгермелі тоқсандық купон; actual/365) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/EBRDe23/ [2024-04-01]