Қазақстан Қаржы министрлігі 26 наурыз күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымын (KZKD00001111, MUM168_0005) өтеуге кірістілігі жылдық 12,15 %-бен орналастыра отырып, 23,7 млрд теңге тартты

28.03.24 17:54
/KASE, 28.03.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 26 наурызында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымын (KZKD00001111, MUM168_0005) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың 28 наурызында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 23 718 649 339,4 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 26 наурыз күні Қазақстан қор биржасында 26,6 млн МЕУКАМ-168 бесінші шығарылымын (KZKD00001111, MUM168_0005) өтеуге кірістілігі жылдық 12,15 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1518053/ [2024-03-28]