Қазақстан Қаржы министрлігі 26 наурыз күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) өтеуге кірістілігі жылдық 12,15 %-бен орналастыра отырып, 27,4 млрд теңге тартты

28.03.24 17:50
/KASE, 28.03.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 26 наурызында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың 28 наурызында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 27 429 426 229,2 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 26 наурыз күні Қазақстан қор биржасында 30,6 млн МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) өтеуге кірістілігі жылдық 12,15 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/news/show/1518048/ [2024-03-28]