"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқармасының құрамы өзгерді

27.03.24 16:13
/KASE, 27.03.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) KASE-ге Директорлар кеңесінің 2024 жылдың 14 наурызындағы шешімімен Е.К. Молдашев компанияның Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына сайланғаны жөнінде хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқармасы алты адамнан құрылды: А. Б. Әшірбеков, К.К. Сапулатов, М. Е. Нәбиев, А. Е. Досқараев, М. К. Ысқақов, Е. К. Молдашев. Аталған ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/AGKK/agkk_board_changes_140324_852.pdf [2024-03-27]