25 сәуірде "Қазхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

26.03.24 16:41
/KASE, 26.03.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ (Ақтөбе) KASE-ге 2024 жылдың 25 сәуірінде сағат 11:00-де акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын хабарлады. Жиналыстың күн тәртібінде қаралатын жалғыз мәселе ірі мәмілеге өзгерістер енгізу мәселесі болып табылады. Жиналысқа қатысты толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KZCR/kzcr_special_shareholders_meeting_info_250424_67.pdf [2024-03-26]