30 сәуірде сырттай дауыс беру арқылы "ЛОТТЕ Рахат" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

26.03.24 16:16
/KASE, 26.03.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЛОТТЕ Рахат" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 30 сәуірінде сырттай дауыс беру арқылы оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен өтетінін KASE-ге хабарлады: - жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы; - жылдық жалпы жиналыстың есеп комиссиясының құрамы туралы; - Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы; - компанияның 2023 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есеп беруілігін бекіту туралы; - компанияның 2023 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы. Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау туралы. Компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы; - компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің шағымдары және оларды 2023 жылы қарау қорытындылары туралы. Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/RAHT/raht_special_shareholders_meeting_info_300424_695.pdf [2024-03-26]