20 наурыз күні KASE-де 2024 жылдың наурыз айында орындалатын
фьючерстер жабылды
26.03.24 12:04
/KASE, 26.03.24/ – 2024 жылдың 20 наурызында Қазақстан қор биржасында
(KASE) 2024 жылдың наурыз айында орындалатын келесі фьючерстер бойынша
есеп айырысу жүргізілді:
- "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ жай акцияларына, сауда-саттық коды –
HSBK-3.24;
- "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акцияларына,
сауда-саттық коды – KZAP-3.24;
- KASE индексіне, сауда-саттық коды – KX-3.24;
- АҚШ долларының теңгеге бағамына, сауда-саттық коды – US-3.24;
- Ресей рублінің теңгеге бағамына, сауда-саттық коды – RU-3.24.
HSBK-3.24 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық жайғасымдар жоқ.
Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы бір акция үшін 208,48 теңгені
құрады.
KZAP-3.24 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық жайғасымдар жоқ.
Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы бір акция үшін 18 439,30 теңгені
құрады.
KX-3.24 бойынша 9 914,0 теңге сомасына 2 мәміле жасалды, ашық жайғасымдар жоқ.
Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы 4 981,66 пунктті құрады.
US-3.24 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық жайғасымдар жоқ.
Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы бір АҚШ доллары үшін 450,29
теңгені құрады.
RU-3.24 бойынша мәмілелер жасалмады, ашық жайғасымдар жоқ.
Фьючерстердің түпкілікті есептесу бағасы рубль үшін 4,8850 теңгені құрады.
[2024-03-26]