19 наурыздан бастап төрт атаудағы халықаралық облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

19.03.24 17:49
/KASE, 19.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 19 наурызынан бастап KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына мынадай халықаралық облигациялар енгізілді: 1) US29874QEX88 ($3,0 млрд; 09.03.23 – 09.03.28, жарты жылдық купон, жылдық 4,375 %; 30/360) Еуропалық қайта құру және даму банкі, сауда- саттық коды – EBRDe24; 2) US459058HT33 ($3,5 млрд; 15.01.20 – 15.01.25, жарты жылдық купон, жылдық 1,625 %; 30/360) Халықаралық қайта құру және даму банкі, сауда-саттық коды – IBRDe4; 3) US045167FE86 ($4,0 млрд; 09.06.21 – 11.06.24, жарты жылдық купон, жылдық 0,375 %; 30/360) Азия даму банкі, сауда-саттық коды – ASDBe16; 4) US298785JM97 ($4,0 млрд; 27.04.21 – 24.07.24, жарты жылдық купон, жылдық 0,375 %; 30/360) Еуропалық инвестициялық банк, сауда-саттық коды – EIB_e2. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/mfo/ [2024-03-19]