19 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 26 наурызда болатын МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

19.03.24 15:44
/KASE, 19.03.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 26 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымының (KZKD00000899, MUM120_0017) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 93,9904% (кірістілік – жылдық 11,51 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны бойынша жалпы сомасы 26 241 452 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа өлшенген таза баға номиналдың 94,1401%–. құрады (кірістілік-жылдық 11,44%). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 26 наурызда болатын МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1517753/ [2024-03-19]