/KACC, 19.03.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен
2024 жылдың 20 наурызынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында
орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы
құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010899
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb48)
облигациялары енгізілетін болады.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу
тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2024-03-19]