KASE Листингілік комиссиясы "ALITA Stroy" ЖШС KZ2P00011059 (ALTSpp1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

19.03.24 14:04
/KASE, 19.03.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 19 наурызында "ALITA Stroy" ЖШС (Астана) KZ2P00011059 (1 000 теңге; 5,5 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға ALTSpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-03-19]