"Kaspi Bank" АҚ акционерлері жай және артықшылықты акциялар бойынша 2023 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

19.03.24 09:51
/KASE, 19.03.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 18 наурызында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша бір акцияға 4 000 теңге мөлшерінде 2023 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады. Дивидендтер төлеудің басталу күні – 2024 жылдың 18 наурызы. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_special_shareholders_meeting_results_180324_130.pdf [2024-03-19]