/KASE, 18.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 18 наурызынан бастап KASE ресми тізімінің
"мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына АҚШ Қаржы министрлігінің
мынадай халықаралық облигациялары енгізілді:
1) дисконттық US912797JM08 (US120_2404; $241 790,0 млн; 12.12.23 –
09.04.24; actual/360);
2) купондық US91282CDH16 (US121_2411; $88 394,0 млн; 15.11.21 –
15.11.24; жарты жылдық купон, жылдық 0,75 %, actual/actual).
Аталған облигациялардың рұқсаттама бастамашысы "Қазақстан Халық
банкінің еншілес ұйымы"Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/US_MF/
[2024-03-18]