/KASE, 15.03.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы) банктің
2023 жылға шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігі бойынша
аудиторлық есепті KASE-ге ұсынды.
2023 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, млн теңгемен):
--------------------------------------------------------
31.12.23 31.12.22
Көрсеткіш ж.б. ж.б.
---------------------------------- ---------- ----------
Меншікті капитал 2 476 954 2 012 242
Жиынтық активтер 15 494 368 14 395 102
Жиынтық міндеттемелер 13 017 414 12 382 860
Таза пайда (таза шығын) 693 436 569 478
Жай акцияның баланстық құны, теңге 225,97 183,57
ROA, % 4,48 3,96
ROE, % 28,00 28,30
--------------------------------------------------------
Банктің 2023 жылғы қаржылық есеп берушілігінің аудитін "Делойт" ЖШС
жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық
есеп берушілік барлық маңызды қатынастарда "Қазақстан Халық Банкі" АҚ
мен оның еншілес кәсіпорындарының 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы
жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ
олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС сәйкес
көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының
шоғырландырылған қозғалысын анық көрсетеді.
Есеп мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbkf6_2023_cons_rus.pdf
[2024-03-15]