KASE "Кселл"АҚ арналған "Эмитент күнін" өткізді

15.03.24 16:35
/KASE, 15.03.24/ – 2024 жылдың 15 наурызында Қазақстан қор биржасы (KASE) "Эмитент күні" жобасы шеңберінде "Кселл" АҚ басшылығының инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен онлайн кездесуін өткізді. Кездесу тақырыбы "2023 жылдың төртінші тоқсаны мен 12 айындағы қаржылық нәтижелерге шолу". Іс-шараға Бас атқарушы директор және Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков, Бас коммерциялық директор және Басқарма мүшесі Ольга Цой және Бас қаржы директоры және Басқарма мүшесі Дамир Муллашев қатысты, олар іс- шараға қатысушыларға компанияның қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелері, болжамды күтулер, нарықтағы позиция, телекоммуникация саласындағы өсу туралы айтып берді. сондай-ақ, "Кселл" АҚ бизнесіне және тұтастай телекоммуникация саласына әсер ететін бәсекелестіктің және басқа да экономикалық, іскерлік, бәсекелестік және реттеуші факторлардың әсері туралы әңгімеледі. [2024-03-15]