Қазақстан Қаржы министрлігі 12 наурыз күні Қазақстан қор биржасында МЕОКАМ-48 52-ші шығарылымын (KZKD00000687, MОM048_0052) өтеуге кірістілігі жылдық 11,51 %-бен орналастыра отырып, 25,5 млрд теңге тартты

14.03.24 17:50
/KASE, 14.03.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 12 наурызында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕОКАМ-48 52-ші шығарылымын (KZKD00000687, MОM048_0052) орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың 14 наурызында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 25 511 695 657,2 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 12 наурыз күні Қазақстан қор биржасында 25,5 млн МЕОКАМ-48 52-ші шығарылымын (KZKD00000687, MОM048_0052) өтеуге кірістілігі жылдық 11,51 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1517453/ [2024-03-14]