KASE 2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЛИСТИНГІЛІК КОМПАНИЯЛАРДЫ "АЙҚЫНДЫҚҚА ҰМТЫЛЫСЫ ҮШІН" ДИПЛОМДАРЫМЕН МАРАПАТТАДЫ

12.03.24 18:33
/KASE, 12.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 12 наурызында листингілік компанияларды 2023 жылдың қорытындысы бойынша "Айқындыққа ұмтылысы үшін" дипломдарымен жыл сайынғы марапаттау рәсімін өткізді. Экономиканың қаржы секторының листингілік компаниялары арасында жеңімпаз атанды: - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ; - "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ. Экономиканың қаржылық емес секторының листингілік компаниялары арасында жеңімпаз атанды: - "ҚазТрансОйл" АҚ; - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ; - "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ. Толығырақ ақпарат KASE баспасөз мәлімдемесінде жарияланған – https://kase.kz/files/press/kz/KASE_Awards2_2024_kaz.pdf Листингілік компанияларды жыл сайынғы марапаттау ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/files/normative_base/issuers_diplom.pdf Өткен жылдардағы номинациялардың дипломанттары туралы ақпаратпен KASE интернет-ресурсында танысуға болады – http://kase.kz/ru/issuers_diplomas/ [2024-03-12]