13 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010873 (EABRb46) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

12.03.24 14:51
/KASE, 12.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 13 наурызынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010873 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb46; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 12.03.24-03.09.24; actual/365) дисконттық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRb46/ [2024-03-12]