Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Еуразиялық даму банкі облигацияларының 10 шығарылымының аңдатпасын өзгертулермен тіркеді

07.03.24 15:43
/KASE, 07.03.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылдың 01 наурызында тіркеген өзгертулері бар облигациялар шығарылымының аңдатпасын және бұрын берілгенді алмастыратын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті KASE-ге ұсынды: 1) KZ2D00007671 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb15); 2) KZ2D00007697 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb16); 3) KZ2D00007705 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb20); 4) KZ2D00008265 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb27); 5) KZ2D00008273 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb28); 6) KZ2D00008281 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb29); 7) KZ2D00009545 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb32); 8) KZ2D00009560 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb34); 9) KZ2D00009586 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb36); 10) KZ2D00009594 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb37). Аталған құжаттарға сәйкес куәліктер жарияланған облигациялар санының, шығарылым көлемінің және айналым мерзімінің өзгеруіне байланысты ауыстырылды: - барлық көрсетілген облигациялар бойынша олардың саны 50,0 миллион облигацияға дейін өсті; - барлық көрсетілген облигациялар бойынша шығарылым көлемі 50,0 млрд теңгеге дейін ұлғайды; - барлық көрсетілген облигациялар бойынша айналыстың басталу күні облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда саттық өткізілген күнге өзгертілді. Бұдан басқа, келесі облигациялар бойынша айналым мерзімі өзгертілді: 1) KZ2D00007671 (EABRb15) 0364 күннен 176 күнге дейін; 2) KZ2D00007705 (EABRb20) 182 күннен 175 күнге дейін; 3) KZ2D00008265 (EABRb27) 28 күннен 364 күнге дейін; 4) KZ2D00008273 (EABRb28) 91 күннен 182 күнге дейін; 5) KZ2D00008281 (EABRb29) 91 күннен 364 күнге дейін; 6) KZ2D00009545 (EABRb32) 28 күннен 364 күнге дейін; 7) KZ2D00009560 (EABRb34) 28 күннен 364 күнге дейін; 8) KZ2D00009586 (EABRb36) 28 күннен 364 күнге дейін; 9) KZ2D00009594 (EABRb37) 28 күннен 364 күнге дейін. [2024-03-07]