03 сәуірде"ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

05.03.24 09:51
/KASE, 05.03.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған хабарламасында былай деп мәлімденген: дәйексөздің басы: "ForteBank" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк), оның атқарушы органының (Басқарманың)орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, өз акционерлеріне Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының (бұдан әрі – "Акционерлік қоғамдар туралы" Заң) 35-бабының 1-тармағы, 37 бабы 2 тармағының 1) тармақшасы, 37- бабы 3-тармағының 3) тармақшасы, 36-бабы 1-тармағының 16) тармақшасы және 41-бабы негізінде Банктің Директорлар кеңесінің бастамасымен (2024 жылғы 04 наурыздағы № 4 хаттама) шақырылып жатқан Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Жиналыс 2024 жылғы 03 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 10.00-ден бастап келесі мекенжайда өткізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс залы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылғы 03 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 09.00-ден бастап 09.45-ке дейін Жиналыс өткізілетін орында жүргізіледі. Жиналысқа қатысуға құқығы бар Банк акционерлерінің тізімі 2024 жылғы 19 наурызда Астана қаласының уақытымен сағат 00.00-гі жағдайы бойынша жасалады. Кворум болмаған жағдайда, Жиналыс 2024 жылғы 04 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағ. 10.00- ден бастап сол мекенжай бойынша және болмай қалған Жиналыстың күн тәртібімен қайтадан өткізіледі. Қайтадан өткізілетін Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылғы 04 сәуірде Астана қ. уақытымен сағат 09.00-ден бастап 09.45-ке дейін Жинаыс өткізілетін орында жүргізіледі. Жиналыстың күн тәртібінде 1. "ForteBank" акционерлік қоғамының 2023 жылға арналған қызметінің қорытындылары туралы ақпаратты назарға алу туралы. дәйексөздің соңы: Хабарламаның қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_040324.pdf [2024-03-05]