01 НАУРЫЗДАН БАСТАП KASE_BM* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛДІК ТІЗІМІ ӨЗГЕРМЕЙДІ ЖӘНЕ 56 АТАУДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДАН ТҰРАДЫ

29.02.24 11:00
/KASE, 01.12.23/ – Қазақстан қор биржасының индекстері мен индикаторлары жөніндегі комитеті (KASE) Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (Әдістеме) сәйкес 2024 жылдың 01 наурызынан бастап KASE_BM* сериясының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE қор нарығының индикаторларын есептеу үшін келесі алаңдардың өкілдік тізімдерін қайта қарайды: 1) негізгі алаң (KASE_BM* сериясы) - KASE_BMC таза баға индексі және KASE_BMY кірістілік индикаторы; 2) баламалы алаң (KASE_BA* сериясы) – KASE_BAC таза баға индексі және KASE_BAY кірістілік индикаторы. Ағымдағы күнге KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 56 атаудағы облигациялардан тұрады. KASE_BA* сериялы индикаторлар тізіміне қосу үшін баламалы алаңның облигациялары жоқ. Естеріңізге сала кетейік, KASE_BA* сериясының индикаторларын есептеу аталған индикаторларды есептеу үшін өкілдік іріктеменің болмауына байланысты 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап тоқтатылды, өйткені Әдістемеге сәйкес корпоративтік облигациялардың жалпы саны кемінде төрт болуы тиіс. Көрсетілген тізімдерді KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша көруге болады http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2024-02-29]