"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2023 жылғы өндірістік нәтижелерін хабарлайды

27.02.24 17:31
/KASE, 27.02.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы " АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 27 ақпанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания») 2023 жылдың өндірістік нәтижелерін жариялап отыр. ... 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылғы басты өндірістік көрсеткіштер: - ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 3,7%-ға артып, 733 млн тонна м.э. құрады; - Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 6,9%-ға өсіп, 23 532 мың тоннаға жетті; - Мұнай тасымалдау көлемі 7,6%-ға артып, 80 359 мың тоннаға жетті; - Қазақстандық және румындық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 19 900 мың тоннамен салыстырғанда 19 593 мың тонна болды дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_270224_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_270224.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_270224_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-02-27]