27 ақпаннан бастап бес атаудағы облигациялар ОК-сыз МБҚ қоржынына енгізіледі

23.02.24 17:49
/KASE, 23.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 27 ақпанынан бастап ОК-сыз МБҚ қоржынына кіретін бағалы қағаздар тізбесіне мынадай облигациялар енгізілетінін хабарлайды: 1) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010766 облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb43; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 28.12.23 – 28.06.27; жылдық купон, жылдық 14,20 %; 30/360); 2) Еуразиялық даму банкінің KZX000001433 халықаралық облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe5; $50,0 млн; 25.07.23 – 25.07.30; жартыжылдық купон, жылдық 6,30%; 30/360); 3) Еуразиялық даму банкінің XS2733527670 халықаралық облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe21; 40,0 млрд теңге; 21.12.23 – 21.12.25; жылдық купон, жылдық 13,60%; actual/365; 4) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00010494 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb60; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 12.01.24 – 12.01.25, жылдық купон, жылдық 12,50%; 30/360); 5) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00010528 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb63; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 26.01.24 – 26.01.25; жылдық купон, жылдық 12,50%; 30/360). "Автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын репо операциялары маманданымының мәтіні мына сілтеме бойынша қолжетімді – http://kase.kz/files/normative_base/sp_repo.pdf [2024-02-23]