Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Ел Орда Арнау" ЖШС KZ2P00009996 (EOARb1) облигацияларының шығарылым аңдатпасын өзгерістермен тіркеді

22.02.24 15:03
/KASE, 22.02.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Ел Орда Арнау" ЖШС (Астана) KZ2P00009996 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, EOARb1; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 05.09.23-05.09.25; жылдық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигацияларының шығарылым аңдатпасын 2024 жылдың 21 ақпанында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өзгерістермен тіркеген және бұрын берілгеннің рнына берілген облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін KASE- ге ұсынды. Аталған құжаттарға сәйкес: - куәлік облигациялардың айналым мерзімінің өзгеруіне, купондық сыйақыны төлеу мерзімділігінің және облигацияларды сатып алу құқығын іске асыру шарттарының өзгеруіне байланысты ауыстырылды; - купондарды төлеу мерзімділігі жылына бір реттен жылына екі ретке өзгерді; - облигациялардың айналым мерзімі екі жылдан үш жылға өзгерді. Аталған облигациялардың шығарылым аңдатпасы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/emitters/EOAR/eoarf9_EOARb1_izm_210224.pdf [2024-02-22]