16 ақпаннан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00008720 (KFUSb42) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

16.02.24 11:59
/KASE, 16.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16 ақпаныннан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00008720 (KFUSb42) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (12 ақпан – өтеу кезінде тізілімді тіркеу күні). 2024 жылдың 16 ақпанынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 56 атаулы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – корпоративтік облигациялардың олар бойынша жинақталған сыйақыны есепке алмағанда олардың бағалары бойынша есептелетін баға индексі ("таза" бағалар бойынша). Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мын сілтеме бойынша жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2024-02-16]