14 ақпаннан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010865 (EABRb45) облигациялары Т+ Тізіміне енгізіледі

13.02.24 14:45
/KACC, 13.02.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 14 ақпанынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010865 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb45) дисконттық облигациялары енгізілетін болады. Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т + Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2024-02-13]