14 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010865 (EABRb45) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

13.02.24 12:47
/KASE, 13.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 14 ақпанынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010865 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb45; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 13.02.24-06.08.24; actual/365) дисконттық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRb45/ [2024-02-13]