"First Heartland Jusan Bank" АҚ KZ2C00002509 (ATFBb9) облигациялары
айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
13.02.24 09:27
/KASE, 13.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
13 ақпанынан бастап "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы)
KZ2C00002509 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, ATFBb9; 1 000
теңге, 20,0 млрд теңге; 13.02.14 – 13.02.24; жартыжылдық купон, жылдық
8,50%; 30/360) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты
KASE ресми тізімінен алып тасталды.
Аталған облигациялар 2014 жылдың 13 ақпанынан бастап" рейтингтік
бағасы бар борыштық бағалы қағаздар " санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің
негізгі алаңының "облигациялар" санатында болады. Олармен сауда-саттық
2014 жылдың 13 мамырынан бастап ашылды.
[2024-02-13]