"First Heartland Jusan Bank" АҚ KZ2C00003093 (ATFBb11) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

12.02.24 09:19
/KASE, 12.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 12 ақпанынан бастап "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) KZ2C00003093 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, ATFBb11; 100 теңге, 50,0 млрд теңге; 10.02.15 – 10.02.24; жартыжылдық купон, жылдық 9,80%; 30/360) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталған облигациялар 2015 жылдың 10 ақпанынан бастап "Өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2015 жылдың 23 сәуірінен бастап ашылды. [2024-02-12]