12 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Occidental Petroleum Corp. US6745991058 (OXY_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

09.02.24 18:12
/KASE, 09.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 12 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 08 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Occidental Petroleum Corp. (АҚШ) US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 08 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 11 наурызынан бастап қайта басталады. [2024-02-09]